+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қарағандыда жас жігіт екі студентті пышақтады

2021 жылғы 22 қазан 18:36
Бөлісіңіз:
Қарағандыда жас жігіт екі студентті пышақтады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 17 жастағы жігіт екі студентті пышақтады. Қазір полиция жанжалдың себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 қазанда Қарағандыда сағат 02.40 шамасында Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханасынан ауруханаға пышақталған 17 және 18 жастағы екі студент жеткізілген.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында 17 жастағы күдікті ұсталды. Ол зардап шеккендерге ашуланып, пышақ жарақатын салғанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 - бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT