Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.38 EUR 431.05
RUB 6.02 CNY 55.00
Jańalyqtar

Қарағандыда жас құтқарушылар жарысты

2019 жылғы 12 маусым 04:34 510
Бөлісіңіз:
Қарағандыда жас құтқарушылар жарысты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Жас құтқарушы» облыстық жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқу-жаттығу жарыстарына Бұқар жырау, Осакаров, Шет аудандары, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Шахтинск және Саран қалаларынан келген ең мықты командалар қатысты.

«Бұл жарыстар жыл сайын өткізіліп тұрады және облыста дәстүрге айналған. Қатысушылар өзін құтқару және басқаларға көмек көрсету дағдыларын көрсетеді. Ондай әрекеттерге әр адамды, әсіресе балаларды үйрету қажет», - дейді генерал-майор, ТЖ қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, ардагер және жарыстың құрметті қонағы Мейрам Ысқақов.

Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Командалар «Жауынгерлік қанат жаю», «Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары» және «Су қоймаларындағы құтқару жұмыстары» атты үш дистанциядан өтуі тиіс.
Қатысушылар жарысқа дайындық кезінде көп нәрсені үйренеді.

«Біз Балқаштан келдік, командамызда 10 адам бар. Өз қаламызда жеңімпаз болдық және бүгін облыстық жарыстарға келіп отырмыз. Осы сайысқа 3 апта дайындалдық. Өрт сөндіру бөлімінде және Балқаш көлінің жағасында оқу жаттығуларын өткіздік. Сонымен қатар біз алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрендік. Бұл дағдылардың барлығы өмірде пайдасын тигізеді. Сонымен қатар, болашақта мен әскери немесе құтқарушы болғым келеді», - дейді Балқаш қаласынан келген қатысушы Төлеген Ыбрайымбек.

А. Байтұрсынов атындағы №41 гимназияның «Жалын» командасы 11 қатысушы-мектептер арасында ең жақсы нәтиже көрсетіп, қалалық кезеңде жеңіске жетті. «Жалын» командасының капитаны Әсет Бекмарат облыстық турнирде де жеңіске жететініне сенімді. Құтқарушылар жарыстарына бұл мектеп 5 жыл бойы қатысып келеді.

Саябақта сондай-ақ апаттық-құтқару техникасы мен жарақтарының көрмесі өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты - оқушыларды төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындау, азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар, дипломдар, естелік сыйлықтар мен медальдар табыс етіледі. Үздік команда жеңімпаз кубогын алады. Жеке кезеңдерде жүлделі орындарға ие болған қатысушылар құрмет грамоталарымен марапатталады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Қарағанды облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT