Қарағандыда жас келіншекті екі баласымен бірге көлік қағып кетті

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 24 жастағы әйелді екі баласымен бірге көлік қағып кетті. Үшеуінің де жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 08:50-де Қарағандыда 14-шағынауданындағы автостанция маңында болды.

«Audi» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі автостанцияға қарай жүріп келе жатып, жолды белгіленбеген жерден өтпек болған жаяу жүргіншілерді – анасы мен екі баланы қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 24 жастағы әйел мен оның 3 және 5 жасар балалары медициналық мекемеге жеткізілді«, - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Дәрігерлердің айтуынша, ана мен бір баласының жағдайы ауыр.

»Бір бала мен әйел №1 көпбейінді ауруханаға, өте ауыр және ауыр жағдайда реанимацияға жатқызылды. Екінші бала Мақажанов клиникасында тексеріліп, облыстық балалар клиникалық ауруханасына жіберілді. Жағдайы орташа«, - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.


Соңғы жаңалықтар