Қарағандыда «Жас кәсіпкер мектебінің» қорытындысы шығарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Жас кәсіпкер мектебінің» қорытындысы жасалды. Жоба биылғы жылдың 3 желтоқсанында басталды. Осы уақыт аралығында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 65 адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қатысушыларға бизнесті жүргізудің заңды, экономикалық және әлеуметтік аспектілері туралы айтып берді. Сондай-ақ маркетинг, менеджмент негіздері бойынша сабақ берілді, бизнес-жоспар жасауға үйретті.
Әр оқушы өзінің бизнес-жобасын әзірледі. «Бизнес-идеялар жәрмеңкесі» байқауының 12 үздігі іріктеп алынды. Олардың қатарында кітап кафесінің, балалар кафесінің, дұрыс тамақтану орталығының жобасы, зияткерлік орталық құру, жабық футбол манежінің құрылысы, мобильдік қосымшалар және т. б. бар.
Идея авторлары Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының мамандары, өңірдің табысты бизнесмендері, мемлекеттік органдар мен «Даму» қорының өкілдері кірген қабылдау комиссиясының мүшелеріне өз стартаптарының пайдалылығын дәлелдеді.
Байқау қорытындысы бойынша комиссия төрт үздік жобаны таңдады. Андромед Байзыкен және Сабина Болат балалар сұлулық салоны жобасымен бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Химиялық тазалау ашқысы келетін Айбибі Төлеуова иеленді. Үшінші орынды Камила Әлиасқарова жабық футбол манежін салу идеясымен және Артем Вишневский, Кирилл Прямоносов, Мұстафа Тәңірберген, Әділ Қанатбеков толығатын шикізаттардан қағаз өнімдерін өндіру жобасымен бөлісті.
Барлық жобалар кейіннен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар мен басқа да қаржы қаражатын алу үшін ұсынылатын болады. Қалған қатысушыларға арнайы номинациялар бойынша марапаттар табыс етілді.
- Қарағанды академиясында полицейлерді патриоттыққа тәрбиелейтін курстар басталды
- Алматылық оқушылар Жамбыл Жабаевтың кітап көрмесін тамашалады
- Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайтын болды
- ШҚО-да екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды
-
Бүгін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Өмірбек Жолдасбековке 90 жыл толды
-
Қарағанды облысында шектеу шаралары жеңілдетілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам