+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қарағандыда жас босанған 25 әйел алаяқтық жасағандарын мойындады

2017 жылғы 24 сәуір 13:57
Бөлісіңіз:
Қарағандыда жас босанған 25 әйел алаяқтық жасағандарын мойындады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекетке 71 миллион теңге шығын әкелген жөргекпұл алаяқтығы туралы атышулы іс бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жас босанған 25 әйел өз айыптарын мойындап, өкініш білдірді, алайда сотталушылардың барлығы бұл айыптаумен келіспейді. Сот орындығында бала босанып, бір реттік жәрдемақы мен бір жасқа толғанша бала күтіміне берілетін жәрдемақыны жоғарылатылған сомада алған 25 әйелден бөлек, Қарағанды облысы Жәрдемақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық секторы меңгерушісі де отыр. Ол құжаттардың жалған екенін білмедім деп отыр. Жаңа заңнамаға сәйкес, босанған әйелдерден жұмыс орнынан түпнұсқа анықтамалар жинау талап етілмейді. Көшірмелері болса жеткілікті. Енді Қарағанды қаласы № 1 Қазыбек би аудандық сотының судьясы Манат Жұмақаева Жәрдемақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық секторы меңгерушісінің жасанды құжаттар туралы білген-білмегенін анықтауы тиіс. Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеулер қызметінің нұсқасы бойынша, мұндай оңтайландырылған құжат жинау тәртібі алматылық ерлі-зайыптыларға қарағандылық жүкті әйелдердің табысы туралы жеке кәсіпкерлік атынан жалған анықтамалар әзірлеуге мүмкіндік тудырған. Алматылық ер адам оңтүстік астанадағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесінде міндетті зейнеттік және әлеуметтік жарналарды төлеп тұрған. Осы жалған құжаттар негізінде қарағандылық босанған әйелдер жоғарылатылған сомада бір реттік жәрдемақы мен бір жасқа толғанша бала күтіміне берілетін жәрдемақыны жоғарылатылған сомада алған.

null

Жәрдемақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық секторы меңгерушісінен бөлек, «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасымен Алматы тұрғыны да сот залында отыр. Олар АК 159/1 тергеу оқшаулағышынан сотқа күзетші айдауымен жеткізілді. Алматылықтың әйеліне «кепіл» бұлтартпау шарасы қолданылды. Жөргекпұлдан алаяқтық жасау үшін жүкті әйелдерді іздеген Қарағанды тұрғынына да осындай шара қолданылды. Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеулер қызметінің нұсқасына сүйенсек, төрт ұйымдастырушының әрқайсысы декреттік жәрдемақыдан өз пайыздарын - түскен қаражаттың шамамен 10 пайызын алып отырған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT