Қарағандыда жанармай бекетіне жай түсіп, жарылыс болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда автожанармай құю стансаларының біріне найзағай түсіп, жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс 12 шілдеде болған. Қатты тарс еткен дауыс шығып, жанармай бекетінің тас-талқаны шыққан.
Қарағанды облыстық ТЖД-да хабарланғандай, 12 шілдеде 15:43-те Совхозная көшесінің бойындағы «Вита Марс» автожанармай құю стансасына найзағай түскені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына 5 техника мен өрт сөндірушілер және құтқарушылардан құралған 24 адам барған.
Оқиға орнында найзағай соғуы салдарынан 4 жанармай құю бағанының қирағаны анықталған.
«Өрт сөндірушілер жанармай құю бағандары мен жанар-жағармай материалдарын сақтайтын ыдыстарды салқындату жұмыстарын жүргізді. Өрт болған жоқ», - деп түсіндірді ведомствода.
- Қарағандыда алимент төлеуден жалтарған азаматтың автокөлігі тәркіленді
- Жамбылдық полицей әйелді көлігімен қағып, мерт қылды
- Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр
- Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
-
Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатырмыз - СІМ
-
Мадридте алапат жарылыс болып, 2 адам қаза тапты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам