Қарағандыда жаңа триатлон саябағы ашылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда алғашқы триатлон саябағы пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа нысанның құрылысымен облыс әкімі Ерлан Қошанов танысты. Триатлон саябағы «Көгілдір тоған» шағын ауданы мен Оңтүстік-Шығыс арасында орналасатын болады.

«Жұмыстар кезең-кезеңмен жүріп жатыр. Біз құрылыс алаңын дайындадық, аумақты тазаладық. Қазір біз қажетті рұқсаттамаларды аламыз. Жағалау жолағын тазартып, жарықтандыру жұмыстарына кірісеміз. Шахтерлер күніне қарағандылықтарға сыйлық жасау үшін тамыз айында құрылысты аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді «Eurasia Building» тобының төрағасы Айдос Мұхатаев.

Триатлон-саябағында тартан мен асфальтбетон төселген ұзындығы 5 шақырым жүгіру және велосипед жолдары салынады. Жүзуге арналған алыс және қысқа қашықтықтарға понтондар жабдықталады. 100 велосипедке жүре алатын спорт алаңы мен транзиттік аймақ, автотұрақ, теннис корты, қарт адамдар мен кішкентай балалары бар аналарға арналған демалыс аймағы қарастырылған.

Жаңа спорт нысанында халықаралық жарыстар өткізуге болады.

«Салауатты өмір салты үшін қала тұрғындарына осындай саябақ қажет. Мен жоба жақсы ойластырылғанын, спортпен шұғылдануға және демалуға жақсы жағдай жасалатынын көріп отырмын», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Аймақ басшысы саябақтың аумағын мүмкіндігінше көбірек көгалдандыруға ұсыныс білдірді. Құрылыс орнында 300 ағаш отырғызған.

Компания басшысының айтуынша, жыл соңына дейін жасыл желектер саны 10 есеге артады.

null null null

Соңғы жаңалықтар