Қарағандыда жаңа скалодром салынды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қарағанды Арена» Мұз сарайында жаңа қазіргі заманғы кешендік скалодром пайда болды, деп хабарлайды Облыс әкімінің ресми сайты.

Онда бір мезгілде 10 күрделі трассаны және 3 жылдам трасса орналастыруға болады. Тағы бір бөлек скалодром боулдерингке - бірнеше кішігірім күрделі трассаларды қысқа үзілістермен өтуге арналған. 

Жаңа скалодромның биіктігі - 13,7 метр. Оны жабдықтауға облыстық бюджеттен 15 млн теңге бөлінді. Пайдалануға әзірге тек екі трасса, бірі- жылдамдыққа, екіншісі - күрделі трассалар дайын және де қосымша скалодром боулдерингке арналған. 
- Қалған трассаларды біз соңына дейін жасаймыз. Бір мезгілде, бір біріне кедергі келтірместен  жылдамдыққа жеті адам өте алады. Әрине, мұндай сапалы скалодромның пайда болуы Қарағанды облысының Тауға шығу федерациясы үшін өте маңызды. Осыған дейін қалада олардың саны небәрі төртеу ғана және олардың барлығы нормаларға сай келе қоймайтын. Оның екеуі - коммерциялық, біз жаттығулар өткізу үшін жалдама ақысын төлеп отырдық. Қазір жаттығулардың негізгі бөлігі осында, Мұз айдынында өтеді, - деді Қазақстан Республикасының тауға шығу бойынша жоғары санатты ұлттық судьясы Сәуле Ысқақова. 

Ол тауға шығу олимпиадалық спорт түрлері тізімінде келесі жылы Токиодағы Олимпиада Ойындарына енгізіледі. 

- Бізге жылдамдық, күрделілік және боулдеринг дистанцияларында өнер көрсету керек болады. Қазір біз өз спортшыларымызды барлық үш түр бойынша жаттықтыруға мүмкіндік алып отырмыз, - деп қосты ол. 

Жаңа скалодром еліміздегі ең үздіктердің біріне айналды. Инфрақұрылымы ірі чемпионаттар мен сайыстар өткізуге мүмкіндік береді. 
12 маусымда жаңа скалодромда жасанды бедерде Қарағанды облысының Тауға шығу федерациясының ашық Кубогы өтті. Сайыс Астананың 20 жылдығына арналды. 

Бүгін тауға шығу мектебінде бес жаттықтырушыдан 300-ге жуық Қарағанды мен Теміртаудың балалары тәлім алады. 

Соңғы жаңалықтар