Қарағандыда жаңа нейрооңалту орталығы ашылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Луч» нейрооңалту орталығы Қарағандыда тағы бір филиал ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін журналистерге «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған баспасөз-туры барысында мәлімделді. Бұл бағдарламаның негізгі қағидаттарының бірі медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі болып табылады.

«Луч» нейрооңалту орталығы 2017 жылы ашылды. Ол инсульттан, нейрохирургиялық және травмотологиялық оталардан кейін емделуді қажет ететін науқастарды қабылдайды. Орталықтың Қарағанды қаласындағы бас бөлімшесінен басқа, Жезқазған мен Теміртау қалаларында екі филиалы жұмыс істейді. Әрбір филиал қажетті жабдықтармен жабдықталған және 25 төсекке шақталған.

Қарағандыдағы «Луч» орталығында тәулік бойы 70 төсекті стационар орналасқан. Мұнда неврология және реабилитология саласында 12 жоғары білікті мамандар, сондай-ақ 13 медбике, 6 массаж жасаушы, 3 емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, логопед, кіші медициналық қызметкерлер санатынан 17 қызметкер жұмыс істейді.

Сонымен қатар орталық базасында Қарағанды медицина университетінің неврология және оңалту кафедрасы жұмыс істейді.

Медик-студенттер «Луч» орталығында аспалы слим-жүйені құрып, орнатуды ұсынған. Бұл құрылғы тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған науқастарды тез және жайлы оңалтуға ықпал етеді.

«Қарағандыда ЖОО студенттері арасында мейкатон өткізілді. Осы мейкатонның қатысушылары, медицина университетінің студенттері осы аспалы жүйені ойлап тауып, содан кейін біздің ЕДШ залында оны орнату туралы өтініш білдірді. Бұл жүйе фирмалық қондырғылардан кем түспейді, бірақ бағасы әлдеқайда арзан», - деді «Луч» нейрооңалту орталығы директорының орынбасары Елена Ли.

Орталықта эрготерапия аймағы да орналасқан. Ол арнайы жабдықтармен, оның ішінде ұсақ моториканы дамытуға арналған құрылғылармен қамтылған. Емдік дене шынықтыру залында жүру имитаторлары, қол және аяқты шынықтыруға арналған аппараттар орнатылған. Физиокабинет және лимфодренаж жүйесі және омыртқа мен гидромассаждың су астында сору кешені бар сумен емдеу де бар.

Емделушілер бір апталық емдеу курсынан кейін жағдайлары айтарлықтай жақсарғанын атап өтеді. Алайда, толық оңалу үшін бір жыл ішінде бірнеше курстардан өту қажет. Қазіргі таңда емдеуден өтуге кезекте тұрғандардың қатары көп. Оңалту қызметтеріне сұраныс жыл сайын өсіп келеді. Сондықтан 2019 жылы МЖӘ бағдарламасы бойынша Қарағандыда тағы бір филиал ашу жоспарлануда.

«Оңтүстік шығыстағы» жаңа филиал 40 төсекке есептелген. Оның ашылуы емделушілерге оңалтуды ұзақ күтпеуге және біздің қызметімізді қолжетімді етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Елена Ли.

«Луч» орталығының мамандары жылына 2,5 мыңнан астам адамды қабылдайды. Емделушілердің көпшілігі оңалтудан тегін өтеді. Емді мемлекет төлейді. Орталық жылына 400 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді.

«2020 жылдың қаңтарынан бастап елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастайды. «Луч» орталығында көрсетілетін физиоемдеу, оңалту сияқты қызметтер тек сақтандырылған пациенттерге қолжетімді болады. Мемлекет МӘМС қатысатын азаматтардың 15 санаты үшін сақтандыру жарналарын төлейтін болады», - деп хабарлады Қарағанды қаласының №1 емханасының медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Ольга Ермакова.

Соңғы жаңалықтар