Қарағандыда жалған шот-фактура жазған кәсіпкер мемлекетке 300 млн теңге шығын келтірді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өз қаржысын қолма-қол ақшаға айырбастау қылмыстық жауапкершілікті көздемейді.

Алайда, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру заңды рәсімдерді айналып өтіп, жалған мәмілелерді пайдалану арқылы жасалатын деректер де бар.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жұмыстарды нақты орындамай жазып берумен айналысқан «ГорСнаб» ЖШС директоры қызметінің жолын кесті.

Азамат Ә.Тәжікеев басқа кәсіпорындармен жарамсыз мәмілелер жасап, жалған бухгалтерлік құжаттар ұсынған. Заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін ол мәміленің жалпы сомасының 3% мөлшерінде сыйақы алып отырған.

Нәтижесінде мемлекетке 300 миллион теңгеден астам шығын келді.

Ә.Тәжікеев 2,6 жылға сотталды.



Соңғы жаңалықтар