Қарағандыда зейнеткерлердің жол жүру билеттерін алмастырып жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 12 мың қарағандылық зейнеткер 1 қыркүйекке дейін жол жүру билеттерін алуы қажет. Бұған дейін зейнеткерлерге тегін жүру құқығын берген әлеуметтік жол жүру билеті енді жарамсыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол жүру билетін алған зейнеткерлер автобусқа 50 теңге төлеп жүреді.

«1 шілдеден бастап Қарағандыдағы 12 мың зейнеткердің зейнетақы мөлшері 21 АЕК-тен, яғни 50 505 теңгеден асты. Олар бұрын тегін жүретін, енді ондай әлеуметтік көмек жоқ. Жол билетін алмастыру 1 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Зейнеткерлер оған дейін автобуста тегін жүре алады», - дейді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автожолдар бөлімінің басшысы Ескендір Қабидолла.

«Әлеуметтік жол жүру билеттері зейнеткерлерге 5-6 жыл бұрын берілген. Содан бері кейбірінің тұрған жері өзгерді, кейбірі өмірден озды. Жол жүруге қиналатындар бар, автобус қызметін мүлде пайдаланбайтындары қаншама. Сондықтан біз алдын ала тапсырыс берместен, нақты мәлімет бойынша әрекет етуге шешім қабылдадық», - дейді жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар