Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «СТОП ойын» профилактикалық іс-шаралары шеңберінде Қарағанды қаласында ойын бизнесінің заңсыз қызметінің жолын кесті.

Заңсыз айналымнан «Lotomatic» лотерея қызметінің атын жамылып, заңсыз қызметтер көрсету үшін пайдаланылған 3 ойын терминалы алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу барысында күдіктілер ҚР ҚК 307-бабының 1-б. көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәсін мойындады.

«Бүгінгі күні тергеу аяқталып, қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және одан әрі сотқа беру мақсатында заңдылықты тексеруді жүзеге асыру үшін қадағалау ведомствосына ұсынылды» - делінген ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің деректерінде.


Соңғы жаңалықтар