Қарағандыда волонтерлер қарттар мен көпбалалы отбасыларға азық -түлік жеткізуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Қызыл Жарты Ай волонтерлері қарттар мен көпбалалы отбасыларға азық -түлік пен дәрі-дәрмек, ал «Ана-Мама» қорының мүшелері медицина қызметкерлері мен қарияларға ыстық тамақ әзірлеп, жеткізіп беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантин кезінде METRO CASH&CARRY және жергілікті демеушілердің қолдауымен Қазақстанның Қызыл Жарты Ай Қарағанды облыстық филиалы 127 адамға көмек қолын созды. Өткен аптада 153 500 теңгеге 29 азық-түлік себеті жиналды. Еріктілер бұл жинақтарды жалғыз басты зейнеткерлерге, жалғыз басты аналарға, көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға тасымалдайды. Сондай-ақ қарт адамдарға дәрі-дәрмек жеткізу бойынша емханалармен жұмыс ұйымдастырылды.

Ұйымның хабарлауынша, барлық жұмылдырылған еріктілер көмекке мұқтаж адамдарға бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу бойынша волонтерлерге арналған нұсқамадан өткен.

«Біздің миссиямыз – қиын жағдайға тап болған адамдарға гуманитарлық көмек және әлеуметтік қолдау көрсету. Қызметкерлер мен еріктілер зардап шеккендердің арасында үлестіретін гуманитарлық көмек - ұйымдар мен жеке тұлғалардың қайырымдылығы есебінен сатып алынған бірінші қажеттілік заттары», - дейді Қазақстанның Қызыл Жарты Ай Қарағанды облыстық филиалының директоры Татьяна Абрамова.

Қызыл Жарты Ай облыстық филиалында 8-700-971-75-74 жедел байланыс жұмыс істейді. Мұнда коронавирустың таралуының алдын алу бойынша кеңес алуға, төтенше жағдай туралы және біздің облыстағы карантин туралы білуге болады.

Ал қарағандылық «Ана-Мама» қайырымдылық қоры карантин және төтенше жағдай кезінде мұқтаждарға, қарт адамдарға, сондай-ақ жедел жәрдем қызметіне көмектеседі. Қор қызметкерлері азық-түлік жиынтығын және ыстық түскі ас тасымалдайды.

Қордың еріктілері қарт адамдарға, жедел жәрдем дәрігерлеріне ыстық тағамдар дайындайды. Қарағанды өңірінің елді мекендеріне азық-түлік жиынтығы да жеткізіледі. Карантин басталғаннан бері «Ана-Мама» қоры тұрмысы төмен отбасыларға 650-ден астам азық-түлік себетін жеткізіп, 550-ден астам түскі ас дайындады.

Қор еріктілер мен демеушілерге көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастыққа шақырады. Қазіргі қиын кезеңде көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созғысы келетіндер 8-702-637-80-20 телефоны бойынша хабарласа алады.


Соңғы жаңалықтар