Қарағандыда вандалдар қиратқан кеншілер ескерткіші қалпына келтіріледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің құрметіне орнатылған мемориалдық кешенді қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жыл сайын қалада вандалдар көшедегі отыратын орындықтарды қиратады, гүлзарларға темекі тұқылдарын тастап кетеді, гүлдерді қазып алады. Біздің қалада қаза тапқан кеншілердің ескерткіштері тұрғызылған киелі жерлерді қорлағанын естігенде басқа бұзақылықтың барлығы түкке тұрғысыз болып қалды», - деді Қарағанды саябақтары басқармасының бас инженері Талғат Смайылов.

nullВандалдар 23 шілдеге қараған түні монументке залал келтірген. Белгілісіз ұрылар мыстан жасалған әріптерді әкетіп қана қоймай, гранит тақталарды жұлып алып, қиратқан.

Кейін мемориалды қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.

Соңғы жаңалықтар