Қарағандыда үздік мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда  үздік мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды. Салтанатты шара К. Станиславский атындағы орыс драма театрының сахнасында өтті, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Облыс әкімінің сыйақысы 21 номинация бойынша табысталды.

«Бұл салада тек өз ісіне шынайы ғашық адамдар ғана жұмыс жасай алады.Сіздердің ғажайыпты, мейірімділікті көре алуларыңыздың арқасында біз рухани дамимыз»,- деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов салтанатты шара барысындағы құттықтау сөзінде. - Қарағанды облысы талантты адамдарға бай және біз оларға жұмыс жасау үшін қажеттіліктің барлығын жасауымыз керек. Биыл біз мәдениет нысандарын жөндеу жұмыстарының бюджетін үш есеге көбейте алдық,оның ішінде басты назар ауылдық жерлерге бөлінді. Қарағандыда жаңа концерт залын жобалау жұмыстары басталды. Биылғы жылы қаламыздың музыка мектептері үшін 120 млн теңгеге жаңа аспаптар сатып алынды. Кезең бойынша біз мектептер жабдықтарын жаңартамыз. Алғаш рет облыстық бюджет есебінен 50-ден аса оқушы Канн, Рим, Прага қалаларында өткен сайыстарға барып қайтты. Олардың барлығы марапаттармен оралды, бұл біздің ұстаздарымыздың кәсібилігін көрсетеді. Талантты әртістердің жаңа буыны өсіп келеді». 
Аймақ басшысы мәдениет және өнер қызметкерлеріне алғыс білдіріп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
null

Биыл 23 адам облыс әкімі сыйақысының иегерлері атанды. Үздік мәдениет және өнер қызметкерлері 500 мың теңгеден алды.

Бір миллион теңге көлеміндегі «Мамандығына адалдығы үшін» арнайы сыйақысын Т.Қалмағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртісі Ғалым Мұхамедин мен Қ.Байжанов атындағы КБ «Арай» ансамблінің аспапшы солисі Александр Севостьянов иеленді.
null

Соңғы жаңалықтар