Қарағандыда үй өртеніп, 2 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда үй өртенпі, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, 1 қаңтар күні сағат 01-32-де өртке қарсы қызметтің кезекшілік нөміріне Қарағанда қаласы, Октябрь ауданы Болотная көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сағат 02-28-де ауыздықталып, 03-13-те толық сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 100 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнынан 1961 және 1957 жылы туған екі адамның мәйіті табылды.

Куәгерлердің сөзінше, құрбан болғандар спиртті ішімдік тұтынған. Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар