Қарағандыда үш жерде заңсыз ойын терминалдары анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған үш орынның қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қарағанды қаласында үш жерден заңсыз ойын терминалын анықтады.

«Заңсыз айналымнан 6 ойын терминалы тәркіленіп алынды, ұйымдастырушылар оларды Ұлттық лотерея операторының терминалдары ретінде көрсетіп, тыйым салынған ақылы құмар ойындарын ұйымдастыруға қолданылған. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, еліміздің аумығанда тек ұлттық оператор ғана өзінің терминалдары арқылы ұтыс ойынын өткізу құқығына ие. Олар сарғыш-көк түсті. Міндетті түрде логотип, нөмір және QR код болуы керек.


Соңғы жаңалықтар