+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қарағандыда үш жасөспірім синтетикалық есірткі жасайтын зертхана ашқан

2020 жылғы 26 қазан 12:01
Бөлісіңіз:
Қарағандыда үш жасөспірім синтетикалық есірткі жасайтын зертхана ашқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағандыда синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан үш жасөспірім ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Допинг операциясы: Төрт күнде 63 адам жауапқа тартылды

«Қарағандыда есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған үш жасөспірімді ұстады. Олар бұл үшін арнайы пәтер жалдаған. Тінту барысында арнайы құрылғылар мен химиялық реагенттер тәркіленді. Сотқа дейінгі іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға бала тәрбиесіне көңіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауға және мінез-құлқын бақылауға кеңес береді», - деді Нұрділдә Ораз әлеуметтік желіде өткен онлайн брифингте.

Ресми өкілдің айтуынша, бұған дейін Қарағандыда синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған шетел азаматы ұсталған. Полиция одан 750 грамм синтетика тәркілеген.

Айта кетейік, бір аптада Қазақстанда жалпы саны 3424 қылмыс тіркелді. Полицейлердің жедел әрекет етуі нәтижесінде 2198 қылмыс ізі суымай ашылды. Оның ішінде19 адам өлтіру, 38 тонау және 513 ұрлық фактілері әшкере болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT