Қарағандыда үш жасар бала 4-қабаттан құлап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда тағы бір бала терезеден құлап кетті. 2015 жылы туған бала 4-қабаттағы пәтердің терезесінен дүкеннің шатырына құлап түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары баланы дүкен шатырынан түсіріп, жедел жәрдемге тапсырды.

Биыл балалардың терезеден құлауына осымен 14-ші оқиға тіркеліп отыр. Бұның басты себебі - ата-ананың баласын қараусыз қалдыруы.

Еске сала кетейік, облыста өткен аптаның өзінде екі бала биік үйдің терезесінен құлап кеткені хабарланған болатын.

Қарағанды облыстық ТЖД тұрғындарды балаларды жалғыз қалдырмауға, олардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға шақырады. 

Соңғы жаңалықтар