+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қарағандыда үш көшенің тұрғындары электр жарығынсыз қалды

2021 жылғы 27 қыркүйек 10:33
Бөлісіңіз:
Қарағандыда үш көшенің тұрғындары электр жарығынсыз қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда трансформаторлық қосалқы станция толығымен өртеніп кетті. Оқиға салдарынан үш көшенің үйлері электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мектепте баллоннан шашылған уыттан бірнеше оқушы зардап шекті – Алматы Қарағанды әкімдігіндегі жұмысшының өлімі: Сот үкімі жарияланды БҚО-да әкелі-балалы екеу балық аулап жүріп суға батып кетті

Трансформаторлық қосалқы станциядағы өрттің салдарынан Қарағандының сегіз көпқабатты үйі жарықсыз қалды. Бұл Костенко, Абай және Жамбыл көшелеріндегі үйлер.

«26 қыркүйек күні сағат 17:44 өрт туралы хабар келіп түсті. Қарағанды қаласының Бұқар Жырау даңғылы, №12 үйдің маңында 20 метр электр сымдары жанып, жалын трансформаторлық қосалқы станцияның жанғыш бөліктері, электр санауыштары және ағаш конструкцияларын шарпып, жалпы алаңы 40 шаршы метр аумақты алды. Өрт 18:44 сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өзінің Facebook парақшасында күн соңына дейін үйлерді электрмен жабдықтау қалпына келтірілетінін хабарлады.

«Қазіргі уақытта бөлшектеу жүргізілуде, содан кейін олар 2 трансформаторды орнатуды бастайды. Бүгінгі күні Костенко көшесі 1,3, Абай көшесі 2,4,6, Жамбыл көшесі 1,3,5 үйлерін электрмен жабдықтау қалпына келтіріледі», - деп жазады Қарағанды қаласының әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT