Қарағандыда үш бала газдан уланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жеке үйлердің бірінде пештің мұржасы дұрыс істемеуінен үш бала улы газға тұншығып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
9 қазан күні сағат 11:00-де Қарағанды қаласының Октябрь ауданында жеке тұрғын үйде жылыту пешін дұрыс пайдаланбау және түтін шығатын мұржаның ақауынан 2006, 2011 және 2013 жылы туған балалар улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды.
Жыл басынан бері Қарағанды облысында 5 адам газға уланып қаза тапқан, 10 адам зардап шекті.
Тұрғын үй секторының тұрғындары үшін жылыту маусымы кезінде жылыту құралдарын пайдалану үлкен қауіп туғызады. Ал пешті қолдану ережелерін бұзу тұншықтырғыш газдан улану сияқты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Тұншықтырғыш газдан улану көбіне пешті дұрыс қолданбаудан болады.
Тұншықтырғыш газдан қалай сақтану керек:
-Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар;
- Пешпен жылытуды пайдалану ережелерін бұзбаңыз: пеш жапқышының уақытында жабылуы, отынға таза ауаның жеткіліксіз болуы, нашар тарту үй-жайда улы газдың пайда болуына оңай себеп болуы мүмкін;
- Пешті пайдаланбас бұрын түтін мұржасындағы тартқышты, сондай-ақ оның бүтіндігін және жарықтың жоқтығын тексеріңіз;
- Автономды газ қазандығы, сондай-ақ газ плитасы орнатылған үй-жайларда ол қосылып тұрған кезде желдету қамтамасыз етілуі тиіс.
- Шығыс Қазақстанда 38 млн теңгені жымқырып, қашып кеткен есепші ұсталды
- АҚШ-та дүкен тоналғаннан кейін атыс болып, төрт адам ажал құшты
- Ақмола облысындағы астық қоймасында бетон плита құлап, жұмысшы мерт болды
- Түркістан облысында жол апатына ұшырап, каналға құлаған тұрғынды полицейлер құтқарды
-
Бірқатар өңірде автожолдар жабылды
-
Ақтөбеде теміржол бойында селфи жасаған студент қыз мерт болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам