Қарағандыда ұрылар пәтердің «темір» есігін пышақпен тіліп кірген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Пәтер ұрылары жаңадан салынған «Астана» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінің «темір» есігін пышақпен кесіп ашқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

Қылмыскерлердің жылдам әрі дыбыссыз қимылдағаны соншалық, көрші үйде тұратын адамдар байқамай да қалған. Ұрлық жасалғаны туралы қарақшылар ізін суытқаннан кейін белгілі болған.

«Сырт көзге берік көрінген есіктердің сапасы сын көтермейді. Есіктің жұқалығы соншалық, ұрылар оны пышақпен оп-оңай тіле салған», - деп шағымданады жаңа үй тұрғындары. Олар осы үйді салған мердігер ұйымның есікке жұмсалатын қаржыны үнемдеп қалғанына көз жеткізіп отыр. Осы оқиғадан кейін тұрғындар есігін жылдам ауыстыруды жоспарлауда.

Ұрыларды құқық қорғау органдары іздестіруде.

Соңғы жаңалықтар