+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қарағандыда «Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар» атты экспедиция басталды

2020 жылғы 16 қыркүйек 15:54
Бөлісіңіз:
Қарағандыда «Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар» атты экспедиция басталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар» атты экспедиция Қарағандыдан Семейге жол тартты. Сапарды «Ақ жол» партиясының мүшелері ұйымдастырды. Партия белсенділері Ұлы қазақ ақынының орындарын аралап, оның еңбектерінің жаңа қырларын зерттеуге ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әбу-Дабиде «Абай» мәдени-танымдық залы ашылды Қазақстандық композитор «Абай сыры» атты күй шығарды Түймебаев: Манас жырының қазақ тілінде жарық көруі – қазақ әдебиетінің қорына қосылған алтын қазына

Қарағандылық қоғам белсенділері рухани сапарға аттанды. «Ақжол» партиясы ұйымдастырған экспедиция Ұлы Абайдың ізімен ел аралап, оның еңбектерін зерттеу жоспарлануда. Осылайша экспедиция қатысушылары Абайдың Қара сөздерінің жаңа қырларын ашуға ниетті.

Белсенділер тұрғындармен кездесу олардың негізгі идеяларының жаңа мағыналарын табуға көмектесетініне сенімді. 4 күн ішінде автокеруен мыңдаған шақырым жол жүріп өтеді.


Осы уақыт аралығында экспедиция мүшелері Қарағанды – Қарқаралы – Қарағайлы – Қайнар - Саржал – Қаратал – Жидебай – Ақшоқы – Еңлік-Кебек үңгірі – Мұхтар Әуезовтың ауылы Бөрілі – Семей қаласындағы Абай мұражайы – Егіндібұлақ – Үшқара – Қарағанды бағытында жол жүруді жоспарлап отыр.


«Абай және парламентаризм», «Абай және көппартиялық жүйе», «Абай және демократия». Әрине, бұл мәселелерді айтқан кезде қазіргі терминологияға Абай атамыздың еңбектері жауап бермейтін сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ, өзіңіз білесіз, Абайдың еңбектері астарлы. Сол астарлы, құнды, әлі де зерттелмеген жақтарын зерттеп, қазіргі біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ұлттың жаңа кейпін табу - осы автошерудегі біздің негізгі мақсатымыз», - деп түсіндірді «Ақжол» демократиялық партиясы Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары Бейбіт Құлмағанбет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT