Қарағандыда Ұлттық ұланның әскери бөліміне 400 жас сарбаз қабылданды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Отан алдында борышын өтеуге 400-ден астам сарбаз ант етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарбаздарға сәттілік тілеп, жылы лебіз білдіру үшін Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, бөлімнің ардагерлер құрамы мен сарбаздардың ата-аналары арнайы келді. Іс-шараны құрама командирі полковник Мамай Құрмантаев құттықтау сөзімен бастады.

«Сарбаздар, бүгін сапта тұрған әрбіреуің үшін жауапты күндердің бірі. Әскери антты ер жігіт өмірінде тек бір-ақ рет қабылдайды, есесіне антына адал болу, бұл мәңлігікке. Сондықтан, ел қорғаушылар, осы күннен бастап бөліміміздің қатарында адал да абыройлы қызмет етесіңдер деп сенемін», - деді құрама командирі сарбаздарға өз сенімін білдіріп.


Айта кетелік, аталмыш іс-шара барысында Жамбыл, Алматы, Ақмола, Түркістан облыстарынан шақырылған 400-ден астам жас сарбаз көпшілік алдында еліне ақтық демі қалғанша абыроймен қызмет етуге серт берді.

«Әрбір ер азаматтың борышы — елі мен жерін қорғау. Бүгін, міне, біздің шақырылым әскери антын қабылдап, Отан қорғаушы атанды. Антымызға адал боламыз», - деп жас жеткіншектердің қатарынан Жамбыл облысынан шақырылған қатардағы Қуаныш Сағындықов сөз сөйледі.


Соңғы жаңалықтар