Қарағандыда Ұлттық ұлан жауынгері әйелді өрттен құтқарды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 14 мамыр күні Ұлттық ұлан қызметкері Қарағанды тұрғынын өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы күні шамамен сағат 15:10-да Ұлттық ұланға қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, аға лейтенант Шыңғыс Қалижанов қызметке бара жатып Аханов көшесінде орналасқан жер үйлердің бірінен түтінді байқап қалған.

«Ол өрт шықан ауладан егде жастағы әйелдерді көреді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрғанын түсінген аға лейтенант тез арада тұрғындарға көмекке ұмтылды. Аулаға кіріп, азаматтарды қауіпсіз жерге алып шығады. Содан кейін электр желілерді өшіріп, өрт сөндірушілер келгенше тілсіз жауды ауыздықтауға тырысады» делінген хабарламада.

Ұлттық ұлан жауынгерінің сауатты әрекетінің арқасында үй иесі Татьяна Дмитрук аман қалып, қызыл жалын жер үйдің аумағына жайылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар