+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Қарағандыда үлкен теннистен республикалық турнир жеңімпаздары анықталды

2021 жылғы 4 мамыр 19:56
Бөлісіңіз:
Қарағандыда үлкен теннистен республикалық турнир жеңімпаздары анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының жаңа теннис орталығында республикалық Каraganda Masters 12&under турнирі өтті. Үлкен теннис бойынша жарысқа Қазақстанның 12 қаласынан 84 жас спортшы қатысты. Додада 9–12 жас аралығындағы теннисшілер өзара бақ сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Ярослава Шведова Рим турнирінің екінші айналымына шықты Теннис: Бублик Рим мастерс турнирінің екінші айналымына шыға алмады Қазақстандық теннисшілердің Рим турниріндегі қарсыластары анықталды

Бұл турнир – рейтингтік: оның қатысушылары ҚР теннис федерациясынан ұпай алады, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер – диплом мен медаль иеленеді.

«Турнир жекелей сында да, жұптық сында да өткізіледі. Барлық матчтар санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті. Әр ойыншының ПТР-тесті теріс, олар жарыс басталардан 72 сағат бұрын тапсырылған», - деп атап өтті жарыстың бас төрешісі Жасұлан Сартаев.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орындарға келесі спортшылар ие болды:

- қыздар арасындағы жекелей сында – Руслана Русланова (Нұр-Сұлтан);

- ұлдар арасында жекелей сында – Даниель Юрекли (Нұр-Сұлтан);

- қыздар арасындағы жұптық сында – Адия Омарбек / Сабина Серікқали (Нұр-Сұлтан);

- ұлдар арасындағы жұптық сында – Даниель Юрекли (Нұр-Сұлтан) / Арафат Мұстафа (Атырау).


Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Қарағанды облысының намысын 16 теннисші қорғады. Қарағандылық спортшылардан 11 жасар Родион Трайгель үздік нәтиже көрсетті.

Ол жекелей сында үшінші орын алды. Спортшы тенниспен 5 жылдан бері айналысып келеді. Бұрын Көкшетауда ойнаған, ал бір жыл бұрын оны Қарағандыға шақырған.

«Жартылай финалда менің қарсыласым Нұр-Сұлтан қаласынан келген Радмир Кулькеевич болды. Өткен турнирде мен онымен үш сетте ойнадым. Осы турнирде жартылай финалға шығу үшін мен тағы да онымен ойнадым. Бірінші сет мен 4:6 есебімен ұтылдым, ал екінші сет 6:1 ұттым. Тай-брейкте мен 10:5 есебімен жеңдім. Финалда шымкенттік Мәди Әбибуллаға қарсы ойнадым. Мачт өте жеңіл болды, мен 6:1, 6:0 есебімен жеңдім. Қазақстан чемпионаттарына 10-ға жуық рет қатыстым», – дейді Родион.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT