Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қарағандыда ұландықтар жол апатынан зардап шеккен адамды аман алып қалды

2022 жылғы 15 маусым 07:50

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Ұлттық ұлан сарбаздары жол апатына түскен адамды өлім аузынан арашалап қалды. Гвардияшылар жол шетінде аударылып жатқан көліктің ішінен жүргізушіні алып шығып, дереу ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 маусым күні сағат 17.30 шамасында Қарағанды-Жезқазған бағытында марш түзеп бара жатқан Ұлттық ұлан жауынгерлерінің колоннасы жолдың шетіне шығып кеткен көлікті байқаған. Апатқа ұшыраған ер адамның бақытына орай колоннадағы сарбаздар арасында медицина мамандары болған. Олар оқиға орнына тоқтап, бірден зардап шеккендерге көмек көрсетуге кіріскен.

«Колонна бойымен келе жатқан едік, кенет жолдың 530-шақырымы маңында жолдан шығып, шұңқырға түсіп кеткен көлікті байқап, ойланбастан тоқтадық. Колоннадан тез бөлініп, алғашқы көмек көрсетуге кірістік», - дейді 5451 әскери бөлімінің фельдшері Айдархан Жұмамұратов.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сержант Айдархан Жұмамұратов, кіші сержант Марат Хұдайбердиев, қатардағы Аманжол Орынбасардың жедел іс-қимылының арқасында апатқа ұшыраған азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол дер кезінде Жезқазған қалалық ауруханасына жеткізілді.


Автор:

Агата Мухамеджанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар