Қарағандыда ҰҒА жаңа академиктері мен корреспондент-мүшелеріне куәлік тапсырылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Ұлттық ғылым академиясының Қарағанды бөлімшесінің отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жаңа академиктері мен корреспондент-мүшелеріне куәліктер тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында ҚР ҰҒА академиктері мен корреспондент-мүшелерін сайлау өткен болатын. Осыған байланысты ҚР ҰҒА академигі атағы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мәжит Зейноллаұлы Шайдаровқа; Органикалық синтез және көмір химиясы институтының бас ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының докторы, профессор Серік Драхметұлы Фазыловқа; «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің стероидты қосылыстар химиясы зертханасының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Бораш Игілікұлы Төлеуовке берілді.

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшелері болып медицина ғылымдарының докторы, Қарағанды медицина университетінің профессоры Меруерт Арстанқызы Ғазалиева, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің химия факультетінің деканы, химия ғылымдарының докторы, профессор Мейрам Жүнісұлы Бүркеев сайланды.

Ұлттық ғылым академиясының академиктері мен корреспондент-мүшелері болып сайлану үшін 25 бос орынға арналған конкурсқа қатысуға 125-тен астам ізденуші құжат тапсырған. Конкурста бір орынға 4-5 үміткерге дейін бәсекеге түсті. Кандидаттардың баяндамалары тыңдалды, олардың әрқайсысы өзінің ғылыми қызметінің нәтижелерін, жүргізілетін зерттеулердің өзектілігі, басымдылығын, негізгі ғылыми жетістіктерін баяндады. Үміткерлер өте мұқият іріктелді, кандидаттар туралы пікірлер, олардың ғылымға қосқан жеке үлестерінің нәтижелері ескеріліп, мамандандырылған бөлімдерде жасырын дауыс беру арқылы, содан кейін Ұлттық ғылым академиясының Жалпы жиналысының сессиясында жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылды.



Соңғы жаңалықтар