Қарағандыда ТЖД қызметкері 7 мың үйді аралады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жылу беру маусымы қарсаңында халықпен ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖД қызметкерлері көпбалалы отбасына пештің түтіндігін жиналған күйеден тазартуға көмек көрсетті. Сонымен қатар олар улы газ датчигін орнатып, пештің алдында шоқтан қорғау үшін қаңылтыр парағын төсеп берді. Бұған қоса пеш жүйесі тексеріліп, оны қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.

Профилактикалық акция аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының 7300-ден астам үйін аралау жүргізілді.

Үкіметтік емес ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жеке тұрғын үйлерде өрт хабарлағыштарын, улы газ датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. 139 датчик орнатылды.

«Жүргізілген профилактикалық жұмыстар өзінің оң нәтижелерін беруде. 2020 жылдың басынан бері облыс аумағында 980 өрт болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға аз (1179). Ағымдағы жылы өрттерде 18 адам қаза тапты ал өткен жылы 20 адам, оның ішінде 1 бала. Сондай-ақ өртте жарақат алғандар саны азайды. Осы жылдың басынан бері 16 адам жарақат алды, ал 2019 жылы осы кезеңде 19 адам тіркелген болатын», - деді ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар