USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қарағандыда тұрғындарға газ бүркіп, елді дүрліктірген бұзақы қамауға алынды

2021 жылғы 21 қазан 13:34
Бөлісіңіз:
Қарағандыда тұрғындарға газ бүркіп, елді дүрліктірген бұзақы қамауға алынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Шахтинск қаласының 41 жастағы тұрғыны көшеде кетіп бара жатқан адамдарға газ баллоннан шашқан, адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Жасыл» энергетика Қарағанды облысында белсенді дамуда

Ер адам негізінен Қарағандының сауда үйлерінде өтіп бара жатқан адамдарға шабуылдаған. Ол ешқандай себепсіз адамдарға баллоннан газ бүркіп, қорқытқан. Осы әрекеттері үшін оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары оны бұған дейін де жауапқа тартқан.

«О.Максимовқа Бұқар Жырау даңғылы бойындағы «Мини Маркет» дүкенінің жанында қоғамдық орында былапыт сөйлеп, адамдарға тиіскені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған анықталды. Бұған дейін ол ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі, 434-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша он бес тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жаза көзделген.

Максимовтың осыған ұқсас құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет жауапқа тартылғанын ескере отырып, сот оған 15 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жаза қолданды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Әкімшілік жазадан басқа, ер адам психо-неврологиялық ауруханада мәжбүрлеп емделуге жіберілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT