+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Қарағандыда тұрақтандыру қоры азық-түлік пен көкөністі арзан бағада сатып жатыр

2020 жылғы 14 қаңтар 08:56
Бөлісіңіз:
Қарағандыда тұрақтандыру қоры азық-түлік пен көкөністі арзан бағада сатып жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда тұрақтандыру қорының көкөністері мен бакалея өнімдері төмен бағамен сатылып жатыр. Бұл әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұруға көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда азық-түлік бағасын тұрақтандыратын 14 сауда нүктесі жұмыс істеп тұр Ақмола облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары қолға алынды Қазақстанда сүт өнімдері 7% қымбаттады

Қазір тұрақтандыру қорында 768 тонна бакалея өнімі бар: қарақұмық жармасы, күріш, май, шекер және ұн. Көкөніс – 2600 тонна, олар – картоп, қызылша, сәбіз, қырыққабат және пияз. Бұл қор өнімдердің маусымдық тапшылығы кезінде бағаның өсіп кетпеуін қамтамасыз етеді.

«Күзде біз қарақұмық бойынша интервенция жасадық. Оны бір келісі 185 теңгеден сатылды. Сонымен қатар, картопты 65 теңгеден шығардық. Қазір қырыққабаттың интервенциясын жасап жатырмыз. Оның бағасы - 83 теңге. Бұл тауарларды нарықтағы бәсекені арттыру және бағаның өсуіне мүмкіндік бермеу үшін әлеуметтік павильондар арқылы таратамыз», - деді «Сарыарқа» ӘКК басқарма басшысы Марғұлан Кәрібеков.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру жұмысын күшейтіп, нарықта тауар тапшылығы болмауын бақылауды тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT