Қарағандыда түнгі уақытта қыдырып жүрген 81 жасөспірім ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық полицейлер жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында рейд өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәмелет жасына толмағандардың мереке күндері және қысқы демалыс уақытында құқық бұз әрекеттеріне жол бермей, оның алдын алу мақсатында Қарағанды облысы ПД ювеналды полициясы күн сайын түнде рейд өткізуде. Талдау көрсеткендей, бұл уақыт кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың көбейетін кезі. Сондай-ақ каникулда балалар көп жағдайда ересектердің назарынан тыс қалады.

Іс-шараға білім саласының өкілдерінен басқа полицияның ерікті көмекшілері мен қоғамдық белсенділер атсалысты.

«Рейд барысында түнде үлкендерсіз серуендеп жүрген 81 бала анықталды. Заңды өкілдерге қатысты Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодекстің 442-бабы, 2 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар