Қарағандыда түнгі клубта оқ атқандардың қаруы тәркіленді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының түнгі клубтарының бірінде ер адамдар мылтықтан оқ атқан. Полиция екі қару тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 қыркүйек күні 102 диспетчер қызметіне Қарағанды қаласының түнгі клубтарының бірінде белгісіз адамдар оқ атқаны туралы хабар келіп түсті.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде полицейлер «BMW X5» көлігін тоқтатқан. Рөлінде 21 жастағы жүргізуші мен 20-40 жас аралығындағы үш жолаушы болған. Автокөліктің салонын тексеру кезінде бір ойық ұңғылы атыс қаруы мен пневматикалық қару табылып, тәркіленді», - делінген Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Аталмыш дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді («бұзақылық»). Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.


Авторы Агата Мұхамеджанова



Соңғы жаңалықтар