+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті

2021 жылғы 26 қараша 14:30
Бөлісіңіз:
Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті. Бұл туралы Polisia.kz сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шегі қата күліп отырған: Павлодарда автобус жүргізушісі есірткі қабылдап алған Атырауда төбелескен оқушылардың ата-аналары айыппұл төледі Анасы жалғыз қалдырған: БҚО-да сәби терезеден құлап кете жаздады

Қарағанды қаласының Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне түнгі сағат 01.30-да клубтардың бірінде клиенттер арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама түскен. Бірер минуттан кейін оқиға орнына Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жеткен. Мән-жайды анықтай келе, 20 жастағы бойжеткен мен әйелдің арасында жанжал туындап, бойжеткеннің жарақат алғаны белгілі болды.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті Жезқазған қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген мәліметте.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT