Қарағандыда травматологиялық орталық өртенді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 25 ақпанда сағат 23.30-де Қарағандының Сәкен Сейфуллин көшесіндегі ғимаратта өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенде облыстық «Х.Мақажанов атындағы травматология мен ортопедия орталығы» ҚҚКМ оңалту орталығының медбике ғимаратында жиһаз, тұрмыстық техника, ағаш қабырға отқа оранған болып шықты. Барлығы 20 шаршы метр жерді жалын шарпыған.

Зембілге салынып, түтіннен қорғайтын арнайы бетперде кигізілген 22 науқас және 3 медицина қызметкері эвакуацияланды.

Өрт түнгі сағат 00.16-де сөндірілді.

Құтқарылғандар орталықтың басты ғимаратына көшірілді. Өрттен ешкім зардап шекпеді. Қазір оның шығу себептері анықталып жатыр.

Оқиға орнында облыстық ТЖД-ның 52 қызметкері мен 11 техникасы жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар