Қарағандыда төбеден ұшқан шифер автомобиль әйнегін сындырды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қатты дауыл салдарынан автокөлік әйнегі қирады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шифер Қарағандының Әлиханов көшесіндегі № 35-інші бес қабатты үйдің шатырынан түскен. Құрылыс материалының бөлшектері үйдің алдында тұрған «Мерседес» автокөлігінің артқы әйнегін тесіп өтті. Көлікте жолаушылар және жүргізуші болмаған.

ТЖ департаментінің мәліметінше, Қарағандыдағы дауыл нысандардың  инфрақұрылымына әсер етпеген. Ғимараттардың шатырларының қирауы жайлы ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ. 

Соңғы жаңалықтар