Қарағандыда терроризмді насихаттаған тұрғын 7,5 жылға сотталды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 21 қарашада Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының Теміртау тұрғыны Д.Ш-ға шығарған үкімі күшіне енді. Ол терроризмді насихаттау фактісі бойынша айыпты деп танылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Тергеу және сот Д.Ш-ның жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикалды діни идеологияны таратқанын анықтады.

Қылмыстық іс материалдары оның кінәсін толық дәлелдеді. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Фигурант ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын соттлған.


Соңғы жаңалықтар