Қарағандыда «Теңізшевройл» делегациясымен қазақстандық үлесті арттыруға қатысты кездесу өтті (ФОТО)

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысына «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Тим Миллер бастаған делегация келді.

«Бүгін бізге Қазақстанның ірі мұнай компаниясы болып табылатын «Теңізшевройл» ЖШС-нің делегациясы келді. Бұл сапар біз үшін маңызды болып табылады, себебі компанияның бұл құрамы аймағымыздың өндірістік әлеуетімен танысып, ынтымақтастық бағыттарымен танысу үшін бірінші рет келіп отыр», - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жергілікті тауар өндірушілерінің өнімдерін сатып алу мәселелері бойынша өткізілген пленарлық отырыста.

Шақырудың мақсаты - аймақаралық кооперацияны дамытып, мұнай-газ саласындағы жобаларды іске асыруда қарағандылық үлесті арттыру, деп атап өтті аймақ басшысы. «Біздің машинажасау кешеніміздің, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы және басқа да салалардың мүмкіндіктері өте көп», - деп санайтынын жеткізді әкім. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындай отырып, аймақтың билік көздері жергілікті тауар өндірушілердің ірі тұтынушылармен ынтымақтастығын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. «Қазіргі уақытта «Астана-Экспо 2017» ҰК» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және басқаларымен кездесулер өткізілген. Бұл кездесулердің қорытындылары бойынша Қарағанды облысының өндірушілері жүйеқұраушы кәсіпорындармен жалпы сомасы 35,4 млрд. теңгені құрайтын 153 келісімшарт, ұлттық компаниялармен 4,5 млрд. теңгені құрайтын 427 келісімшарт, ал «ЭКСПО-2017» нысандарын салу үшін - мердігерлік ұйымдармен 4,7 млрд. теңгеге 15 келісімшарт жасасты», - деп хабарлады Н.Әбдібеков. Кездесуге аймақтың 100-ден астам кәсіпорындарының өкілдері қатысқан. Кейбір тауар өндірушілер мұнай-газ саласында қажетті болуы мүмкін өнімдерін таныстырды. Сондай-ақ көрме ұйымдастырылып, онда облыстың 50-ге жуық кәсіпорын өз тауарларын ұсынды. Бұдан басқа, «Теңізшейройл» делегациясы бірқатар кәсіпорындарға барып, олардың өндірісімен танысты.

Соңғы жаңалықтар