Қарағандыда тек қана әйелдер мен балаларға арналған емхана ашылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биыл күзде Қарағандыда әйелдер мен балаларды емдейтін бірегей емхана ашылады. Жаңа нысанда әзірге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, алайда медициналық мекемеге қазірден бастап тіркеле беруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Әйелдер консультациясы мен балалар емханасы бір ғимаратта орналасады. Жобаны алматылық инвесторлар дайындап, іске асырып жатыр. Жаңа медициналық мекеме Пришахтинскідегі Луначарский көшесі, 1 мекенжайында орналасады. Ол жерде бір кездері балалар емханасы болған. Ғимаратқа барлық қажетті техникалық сараптамалар жасалды және көктемнен бастап мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңа емхана 18 жасқа дейінгі балалар мен репродуктивті жастағы (18-49 жас аралығындағы) әйелдерді қабылдайды. Инвесторлардың айтуынша, олар осы санаттағы науқастарды балалар мен ересектер өзара араласпау үшін әдейі таңдаған.

«Бізде жоғары санатты мамандар жұмыс істейтін болады. Олар - балалар дәрігері, терапевтер, тіс дәрігерлері, лор-дәрігерлер, окулистер, хирургтар, невропатологтар мен гинекологтар жәнебасқалар. Олар қатаң іріктеуден өтті»,- дейді емхана директоры Марина Матвейчук.

Емханада орнатылатын жабдықтар барлық медициналық талаптарға сай. Ол заманауи лор-құрылғысы, физиотерапевтикалық комбайн, сарапшы санатындағы УДЗ.

«Бізге осындай ұсыныспен инвесторлар өткен жылы шыққан болатын. Біз өз тарапымыздан әйелдер консультациясы мен балалар емханасының ашылуын қолдап, МЖӘ аясында келісім жасадық. Мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа көрсетілетін барлық қызметтер тегін болады», - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында.



Емхана 3 ауысым бойынша жұмыс істейді: таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін. Бір ауысымда 300 науқасты қабылдайды деп көзделіп отыр. Емхананың ашылуы жаздың соңына жоспарланған, алайда тіркелу қазірден бастап жүргізілуде. Медициналық мекеме ауласында шатыр орнатылған, онда құжаттар қабылданады. Тіркелу үшін жеке куәлік пен баланың туу туралы куәлігін алып келу керек. Сонымен қатар, келесі аптадан бастап құжаттарды 22-ші шағынаудандағы «Корзина» супермаркетінде де тапсыруға болады.

Соңғы жаңалықтар