Қарағандыда театр актерлеріне жаңа жатақхана пайдалануға берілді
Жатақхана қажетті тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Әр бөлмеде теледидар, тоңазытқыш, жеке санитарлық торап және душ бөлмесі бар. Сондай-ақ, жалпы кір жуғыш машина орнатылған. Жақын арада мұнда сымсыз интернет және кабельді телевизия пайда болады.
Қазіргі таңда жатақханаға әртістер қоныстана бастады.
«Өз жатақханамыздың болуы театр актерлерінің көптеген проблемасын шешеді. Бұрын, мысалы, жаңа жылдық мерекелер кезінде, біз күніне бірнеше спектакль қойған кезде, актерлер қоныстануға арналмаған гримдеу бөлмелерінде түнеуге мәжбүр болатын. Тіпті серіктес қалаларда тұратын актерлер ауа-райы қолайсыз болған кездері немесе басқа да себептермен үйлеріне қайта алмаған жайттар да болды. Енді бұл мәселе шешілді», - дейді К. С. Станиславский атындағы орыс драма театрының жетекшісі Дунай Еспаев.