Қарағандыда Тәуелсіздік күні дүниеге келген 117 сәби «Сүйінші» сыйлығын алды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 16 және 17 желтоқсанда туылған 117 бала ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мемлекет басшысының атынан «Сүйінші» baby-боксын алды. Ал олардың ата-аналарына құттықтау хаты табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сүйінші» сыйлық жиынтығына «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» естелік монетасы, туу туралы куәлік, сәбилерге арналған бірінші қажеттіліктегі тауарлар, сондай-ақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау ашықхаты кіреді. Кейбір босанған әйелдерді перзентханада құттықтап, қалғандарына сыйлықты үйіне жеткізіп береміз», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қарағанды облысы бойынша филиалы баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Сейітханов.

Лилия мен Роман Беспаловтар алғашқылардың бірі болып «Сүйінші» иегері атанды. 16 желтоқсанда олардың тұңғышы Мирон дүниеге келді.

«Күйеуім екеуміз ұлымызды күттік, оның дүниеге келуін тағатсыздана күтіп, дайындалдық. Бүгін біз Миронның алғашқы құжаты – оның туу туралы куәлігі және Мемлекет басшысының құттықтау хатын алдық. Бұл өте жақсы», – дейді Лилия Беспалова.

Айжан Тоқбергенова мен Бекзат Сқақов бесінші баланың ата-анасы атанды.

Азаматтарға арналған үкімет пен «Қазпошта» қызметкерлері көпбалалы отбасын үйіне барып құттықтады.

«Біздің отбасымыз үлкен, Ернар - бесінші баламыз. Бірақ басқа балаларымыздан кем сүймейміз. Ол Тәуелсіздік күні дүниеге келді. Бұл - әрбір қазақстандық үшін өте маңызды оқиға. Ернар өз елінің лайықты ұлы болады деп үміттенеміз», – дейді Айжан Тоқбергенова.


Соңғы жаңалықтар