Қарағандыда тәуелсіз байқаушылар ЕҚЫҰ миссиясының өкілдерімен кездесті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы сайлауды бақылау жөніндегі өңірлік штабқа ЕҚЫҰ миссиясының өкілдері Анке Керле (Германия) және Кристина Богданова (Ресей) келді. Кездесуге қатысушылар сайлауға дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әңгіме барысында байқаушыларды оқытуға және сайлау алдындағы жұмысқа қатысты мәселелер қозғалды. Тәуелсіз байқаушылардың қызметі сайлау процесінің заңдылығына, ашықтығына, еркіндігі мен адалдығына бағытталғаны атап өтілді.

Кездесуге Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Айжан Тәубебаева, «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігінің директоры, партиялық емес байқаушылар штабының өкілі Дмитрий Полтаренко қатысты.

Қазақстанда 2021 жылдың 10 қаңтарында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Қарағанды облысының тұрғындары sailau09.kz сайтында немесе Senim109 Бірыңғай үйлестіру орталығына қоңырау шалу арқылы сайлаушылар тізімінен өздерін тексере алады.


Соңғы жаңалықтар