Қарағандыда танымал паблик баланың өлімі туралы қауесет таратып жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полиция қоғамда дүрбелең туғызатын қауесет таратқандар жауапқа тартылатыны туралы ескертуде. Атап айтқанда, skandal_krg.+ паблигі Теміртаудағы орта мектептің жанынан табылған 10 жасар баланың өлімі туралы жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Табылған дененің 10 жасар балаға тиесілі еместігі және оның адам өлтіру фактісі емес екендігі анықталды. Мектептің жанында өлі дене жатқан сурет жарияланған пост өңірде дүрбелең туғызды. Автор былай деп жазады: «Таяуда №2 мектептің жанынан 10 жасар баланың денесі табылған дейді. Ата-аналар, абай болыңыздар».

Өңірде белгісіз біреудің балаларды өлтіріп жүргені туралы сыбыс тараған. ІІД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Үш күн бұрын, 16 қыркүйекте, 1969 жылғы ер адамның денесі табылды. Оның жасы онда емес. Бұл жалған ақпарат және бұл адам өлтіру ісі емес. Сараптама көрсеткендей, бұл адамның ағзасы қатты тоңып, соның салдарынан қайтыс болған. Ер адамның жеке басы анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Полиция қауесеттерді таратқан адамның қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар