Қарағандыда таңертеңнен бері 30-ға жуық жол апаты орын алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты таңертеңнен бергі бірнеше сағатта Қарағандыда 26 көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қаласының жол полициясы қызметкерлері таңертеңнен бастап ондаған жол-көлік оқиғаларын тіркеді. Мысалы, «Қарағанды-Теміртау» автожолында орын алған жол апаты фактісі бойынша ҚР ӘҚБК 345-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Дәл осы жол бөлігінде бүгін сондай- ақ «SsangYong» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, «Toyota» және «Lada Priora» маркалы екі көлікті соққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «SsangYong» автокөлігінің бір жолаушысы және «Lada Priora» көлігінің 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Облыстық ЖП баспасөз қызметі мәлімдегендей, барлық 26 көлік апатына түскендер түрлі жарақаттар алған, көз жұмғандар жоқ.

Жол-патруль қызметкерлерінің айтуынша, көлік апаттарының басым бөлігі ауа райының қолайсыздығы салдарынан болған. Кеше түнде облыста ауа райы күрт нашарлап, кей жерлерде боран соғып, кейбір аудандарда қар жауды.

Қарағанды облысының полицейлері жүргізушілеріне жол ережелерін сақтау және ауа райы нашарлаған кезде жолдарда сақ болу керектігін тағы да ескертеді.

Соңғы жаңалықтар