Қарағандыда такси жүргізушісіне шабуыл жасалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды полицейлері такси жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған Өзбекстанның екі азаматын ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полицияға қаладағы ірі такси фирмаларының бірінде жұмыс істейтін жүргізуші шағым түсірді. Ол қаладағы дәмханалардың бірінен шыққан екі жолаушының пышақпен шабуыл жасап, қорқыту арқылы қымбат телефонын иемденгенін, кейін қашып кеткенін хабарлады», - деп мәлім етті облыстық ІІД-де.

Қарақшыларды оқиға болған тұсқа жақын жерден ұстаған. Тәртіп сақшылары сипаттамаға сәйкес келетін екі ер адамды байқап қалған. Екі күдікті де ұсталды. Ұсталушылардан ұрланған телефон да табылған.

Ведомствода түсіндіргендей, ұсталушылардың екеуі де Өзбекстан азаматтары. Олар 2017 жылдан бері Қарағандыда тұрып келген. Олар ұсталған кезде мас күйде болған.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Соңғы жаңалықтар