Қарағандыда тағы 2 адамнан коронавирус анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 111 болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінше, Қарағанды қаласынан тағы екі адамның вирус жұқтырғаны анықталды.

Министрліктің 26 наурыз сағат 21-00-дегі жағдай бойынша таратқан ақпаратына қарағанда елімізде коронавирус жұқтырғандар сан саны:

Нұр-Сұлтанда – 61 жағдай,

Алматыда – 40 жағдай,

Қарағандыда – 4 жағдай,

Алматы облысында – 1 жағдай,

Ақтөбе облысында - 1 жағдай,

Шымкентте - 2 жағдай,

Жамбыл облысында - 1 жағдай,

Солтүстік Қазақстан облысында - 1 жағдай.

Осыған дейін елімізде коронавируспен науқастанған бір әйелдің қайтыс болғаны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар