+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Қарағандыда студенттер арасында облыстық онлайн спартакиада басталды

2021 жылғы 23 ақпан 03:15
Бөлісіңіз:
Қарағандыда студенттер арасында облыстық онлайн спартакиада басталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда облыс әкімінің жүлдесіне студент жастар арасында ХV онлайн спартакиада басталды. Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған спорттық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Жарыс 22-28 ақпан аралығында өтеді. Жеке және командалық біріншілік жоспарланған. Облыстың сегіз жоғары оқу орнының әрқайсысынан 43 қатысушы өнер көрсетеді. Жарыс форматына байланысты командалық ойындардан бас тартуға тура келді.

«Пандемияға байланысты біз баскетбол мен волейболдан жарыс өткізе алмаймыз. Барлығы сегіз спорт түрі болады: шаңғы жарысы, гір спорты, жеңіл атлетика, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, конькимен жүгіру спорты, президенттік көпсайыс. Спартакиаданың барлық түрлері бізге спорттық шараны онлайн режимінде өткізуге мүмкіндік береді», - деді спартакиаданың бас төрешісі Нұрлан Түсіпов.

Жалпы командалық сынақтың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің кубогымен, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Әр спорт түрі бойынша алғашқы үш орын алған команда қатысушыларына грамота мен медаль тапсырылады.

«Мен жеңіл атлетикадан жарысқа қатысамын. Мен оқып жатқан Е. А. Бөкетов атындағы университеттің студенттері осы оқу ордасына 11 рет жеңіс алып келді. Осындай спорт жарысына қатысу мүмкіндігі үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Біздің ЖОО бұл жолы да бірінші болады деп үміттенемін», - деп бөлісті жарысқа қатысушы Лаура Жәнібекова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT