Қарағандыда спортшылар GGG белгісін бейнелеп сап түзеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда өткен флешмоб барысында спортшылар танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бренді «GGG» белгісі бойынша сап түзеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

300-ге жуық спортшылар, бапкерлер, спорт мектептерінің директорлары Қарағандыдағы Достық үйінің алдында Геннадий Головкиннің бренді «GGG» әріптерін бейнелеп, сап құрды. Осы әрекеттері арқылы олар Геннадий Головкинге америкалық Даниель Джейкобспен болатын кездесуінің алдында қолдау көрсетті. Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Головкин-Джейкобс кездесуі Астана уақыты бойынша сағат 8-00-де таратыла басталады. Әнші Марат Бекішев спортшыны қолдап, ән салды.

«Қазақстандықтардың барлығы Геннадий Головкиннің жеңісіне сенеді. Біз оның осы жолы да жеңіске жетіп, өзінің ең мықты боксшы екендігін дәлелдеуіне тілектеспіз»,-деді Марат Бекішов сахнада тұрып.

Соңғы жаңалықтар