Қарағандыда сотталған әйел 10 кітап оқығаны үшін бостандыққа шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/9 мекемесінің сотталушысы 10 әдеби шығарма оқып, мерзімін 3 жылға қысқартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтар айында Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД пенитенциарлық мекемелерінде «Шексіз оқу» пилоттық жобасы іске қосылды.

Оны әзірлеуге Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының, қоғамдық-бақылау комиссиясының және адам құқықтары жөніндегі қазақстандық Халықаралық бюроның қатысуымен облыстық және мамандандырылған прокуратура қатысты.

Жобаға көптеген сотталғандар қатысты. «Шексіз оқу» жобасы туралы білген бетте, Лидия оған белсенді қатыса бастады.

Бірнеше көркем әдебиет жанрындағы кітаптарды оқып, ол шығармалардың мазмұнын айтып берген.

Ол үшін Лидияға мекеме басшысы көтермелеу тағайындаған.

Тағы бірнеше кітап оқығаннан кейін сотталушыларға екінші рет көтермелеу берілді.

Жалпы саны 10 кітапты оқып, екі марапатқа ие болған Лидия шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.

Әйел салық төлеуден жалтарғаны үшін бес жыл мерзімге сотталған, оның екі жылын Қарағанды облысының әйелдер колониясында өтеген.

«Біздің мекемеде «Шексіз оқу» пилоттық жобасы жүзеге асып жатыр. Оған 50-ден астам сотталған қатысады. Жобаға алғашқы қатысқандардың бірі ынталандыру алды және бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босады», - деп хабарлады АК-159/9 мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Назира Кәдірова.


Соңғы жаңалықтар