Қарағандыда сот 3 жасар баланы өлтірген қылмыскердің жазасын өзгеріссіз қалдырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы өткен жылы күзде 3 жасар баланы өлтірген Игентай Сопыжановтың өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі күн бұрын Игентай Сопыжанов жазасын жеңілдету туралы апелляциялық шағым берген болатын. Ол өз өтінішінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өзгертуді сұраған. Алайда, судьялар үкімді өзгертуге негіз жоқ деп тапты.

«Сот алқасы сотталған Игентай Сопыжановтың апелляциялық шағымының дәлелдерін зерделеп, мынадай қаулы шығарды: осы қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, іс бойынша үкім шығарылғандықтан, алқа үкімдерді тек қылмыстық іс жүргізу кодексін бұзу негізінде ғана қайта қарастыруға құқылы. Алайда сот мұндай заңбұзушылықтарды анықтаған жоқ», - деді судья Рашид Нұрмағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Игентай Сопыжанов Шет ауданы, Бұрма кентінде 3 жасар баланы ұрлағап, өлтіргені үшін сотталған болатын.

Қылмыстық іс материалынан белгілі болғандай, ол баланың анасымен ұрысып, содан кейін кездесу барысында баланы анасының қолынан жұлып алып, бой тасалаған. Бұл оқиғадан соң баланың анасы полицияға жүгінді.

Айта кету керек, қылмыс жасаған кезде Игентай Сопыжанов мерзімінен бұрын шартты босатылу бойынша жаза мерзімінің қалдығын өтеп жүрген.

Тыңдау кезінде сотталушы екі рет өзіне қол жұмсамақ болған. Бірінші жағдайда ол қаламсап алып, мойнына бірнеше рет жарақат келтірген. Алайда, бұл жарақат оның өміріне қауіп төндірмеді. Екінші рет Сопыжанов тырнағымен жараны зақымдап, процесті қайтадан шегеруге тура келген.

21 қаңтарда Игентай Сопыжанова өмір бойына бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар